• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2017

Универсиада жарыстарына көрермен өзімен бірге бір баланы тегін кіргізе алады

245 рет
көрсетілді

Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары кезінде жарысқа көрермендер өзімен бірге 5 жасқа дейінгі бір баланы тегін кіргізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алайда, балаға бөлек орын берілмейді. Бір ересек адаммен 5 жасқа дейінгі бір бала ғана тегін кіре алады. Естеріңізге сала кетейік, қысқы Универсиада 29 қаңтармен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Онда спортшылар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, кёрлинг, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл және конькимен жүгіру спортынан өнер көрсетеді.