• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Джокович жаңа жылды жеңіспен бастады

293 рет
көрсетілді

АТР рейтингінде екінші тұрған серб теннисшісі Новак Джо­кович Қатар астанасы Дохада өткен турнирде топ жарды. Жүлде қоры 1 237 190 АҚШ долларын құрайтын жарыстың финалында серб теннисшісі әлемнің біріншісі ракеткасы бри­тандық Энди Мар­­рей­ден 6:3, 5:7, 6:4 есе­бімен басым түсті. Соңғы рет екі теннисші был­тыр қа­раша айын­да Лондонда өткен турнир­де кездескен болатын. Онда Мар­рейдің бағы жанған еді. Бұл жолы серб теннисшісі есе қайтарды. Осыл­айша, 2 сағат 54 минутқа созылған матчта басымдық танытқан Джокович АТР рей­тингісі бойынша 150 ұпай ен­ші­леп, өзіне тиесілі 209 665 дол­ларды қалтаға бас­ты. Ал финалға дейін жеткен Мар­рейдің (100 ұпай) қоржыны 110 420 долларға ұлғайды. Бұған дейін қос шебер өзара 35 рет кездескен екен. Соның 24-інде Джокович басымдық танытса, қалған 11 кездесуде Мар­рейдің мерейі үстем болған. Алмас МАНАП, «Егемен Қазақстан»