• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Депутаттар халықпен дидарласты

411 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, Балайым Кесебаева және Әлия Сапарова Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүр. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалындағы брифинг барысында депутат Бақытбек Смағұл еліміздің жетістігіне сүбелі үлес қосып отырған Сыр елінің айтарлықтай табыстарын атап өтті. Балайым Кесебаева алтыншы сайланған Мәжілістің екінші сессия­сында 66 заң жобасы қаралып, оның 34-і мақұлданып, Сенатқа жіберілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Абзал Ералиев жұмыс сапарының негізі Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларация мен еліміздің алдағы күнгі даму жолын айқындайтын 5 институттық реформа және осы реформаны жүзеге асыруға септесетін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылатынын айтты. Айта кету керек, депутаттардың сайлаушылармен кездесуі қаңтар айының 13-іне дейін жалғасып, бұл үдеріс облыс, аудан орталық­тарымен қатар, шағын қалалар, ауылдар мен шалғай елді мекендерді де қамтитын болады. Мәжіліс депутаттарының осы уақыт аралығында азаматтарды қабылдап, өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарда болуы жоспарланған. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы