9 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Атырау облысының жекелеген жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, түнде 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде жаяу бұрқасын жүреді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады, кей жерлерді тұман басады.
Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағаңды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, түнде Манғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.