• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Сенім грамотасын тапсырды

355 рет
көрсетілді

15 наурызда Теһранда Қазақстан елшісі Б. Әміреев Иран Президенті М.Ахмадинежадқа Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімнен кейін болған пікір алмасу барысында М. Ахмадинежад Иран Қазақстанды арада терең тарихи байланыстар орныққан, бауырлас және достас мемлекет ретінде қарастыратын­дығын атап көрсетті. Ол Қазақ­стан мен Иран екі елдің мүдде­сі­мен қатар, кең өңірлік серіктестік үшін іске асыруға тұрарлық орасан зор экономикалық әлеуетке ие, ірі аймақтық державалар екендігін баса көрсетті. Осыған орай ол екі­жақ­ты қатынастарды нығайтуға ба­ғытталған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың талмас талпыныстары үшін үлкен алғы­сын айтып, бұл қатынас­тар­дың бо­лашақта да үздіксіз жалғасын таба­тындығына үміт білдірді. Өз кезегінде Б.Әміреев Қа­зақ­стан әрқашанда Иранды дәс­түрлі түрде тату-тәтті көр­шілік бай­ла­ныс­тар орнаған достас мем­лекет және маңызды әріп­тес ретінде қарас­тыратын­дығына тоқталды. Қазақстандық дипломат екі­жақ­ты өзара әрекеттестіктің ма­ңы­з­ды мәселелерінің бірі Каспий те­ңізі мәртебесінің түпкілікті шешілуі және Орталық Азия елдері мен Иран арасындағы сауда айна­лы­мын ұлғайтып қана қоймай, со­ны­мен бірге, Таяу Шығыс ай­мағы жә­не Парсы шығанағы мемлекеттерін Ресеймен және Еуропа елдерімен тікелей байланыс­тыру­ға мүмкіндік туғызатын Өзен – Гызылгай – Берекет – Этрек – Горган темір жо­лын тезірек іске қосу екендігін айтты.