Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Резидент-Үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылдың белсенді сипатын атап өте келіп, даму бағдарламасын жүзеге асыруда әріптестік байланыстарды одан әрі өрістету жайында айтты.
Кездесу барысында, сондай-ақ әлемдік және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.