• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Джейкобс: Головкинді жеңуге шамам жетеді

310 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша дәл осы салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Әлемге өзімнің мықты екенімді дәлелдеуім керек. Сіздер орта салмақтағы жаңа чемпионды көретін боласыздар. Головкиннің күшіне шүбә келтіре алмаймын. Ол үздіктердің бірі. Бірақ оны жеңу қолымнан келеді деп ойлаймын. WBA бұл кездесуді ұйымдастырмас бұрын оған Серхио Морамен өткен кездесуден кейін ұсыныс тастағанмын. Міне, оған да жеттім. Енді 18 наурыз күні рингте менің жұдырықтарым ғана сөйлейтін болады», – деді Джейкобс. Бұған дейін GGG америкалықты өзінің үздік қарсыласы екенін, сондай-ақ қобалжып жүргенін де айтқан болатын.