• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Биржадан ақша табатын қазақстандықтар саны артуда

375 рет
көрсетілді

KASE қазақстандық қор биржасы қаржы нарығында жеке инвесторлардың саны артқандығын тіркеп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 2016 жылғы қараша айының соңындағы мәліметтер бойынша, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында жеке тұлғалар атынан ашылған 104 860  есепшот тіркелген. Бұл 2016 жылдың басындағы көрсеткіштен 3348 есепшотқа көп. KASE алаңында акция саудасында жеке тұлғалардың ең көп тартылған кезі 2016 жылдың шілде айында тіркелген (2271). Осы айда акция саудасының ең көп брутто-айналымының үлесі орын алған (62%). Қараша айында биржада акция саудасына қатысқан есепшоттардың саны 1 562 болды. Қараша айында KASE-де акция саудасының жалпы брутто-айналымы былтырғы жылдың бастапқы айларымен салыстырғанда 323%-ға ұлғайды және 5,5 млрд теңгені құрады», - делінген KASE-нің ресми мәлімдемесінде. Жалпы соңғы жылдарды алатын болсақ, жеке инвесторлардың ең ірі белсенділігі Халықтық IPO бағдарламасының бірінші және екінші кезеңдерінде тіркелген. Еске салсақ, оның аясында «ҚазТрансОйл» және «KEGOC» компанияларының IPO-лары өткен болатын. Осы қалыптасқан жеке инвесторлардың пулы кейін «Кселл», «БАСТ» және «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» компаниялары IPO-сының сәтті өтуіне ықпал етті. «KASE Индексінің 2016 жылғы оң динамикасына байланысты, отандық қор нарығында жеке инвесторлардың саны артты. Мұндай қарқын девальвациялық болжамдардың төмендеуі, сонымен қатар мұнай және мыс бағаларының өсуі себептерімен түсіндіріледі», - делінген xабарламада.