• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Қазақстанда 1-сынып оқушылары қосымша демалады

438 рет
көрсетілді

2016-2017 жылдарға арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова. «Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты, 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», - деді Әйгерім Әлібекова. Баспасөз хатшысының айтуынша, қалған сыныптың оқушылары әдеттегідей оқи береді.