• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Шөкеев Елбасына «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жөнінде баяндады

244 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді. Сондай-ақ, Шөкеев Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған. «Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.