• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Тағылымды кездесу

376 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайым бастаған бір топ студент Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізовпен кездесті. Танымал эколог Мэлс Елеусізовтің Аста­на­дағы көптеген жоғары оқу орындарының ішінен атбасын арнайы Еуразия ұлттық уни­верситетіне бұруында үлкен мән жатыр. Оның себебін де айта кетейік. Сырттай оқытатын бөлімі жоқ Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылатын университетте бүгінде он мыңға жуық студент білім алуда. Студенттердің 75 пайызы мемлекеттік грант иегерлері. Сондай-ақ, университет өткен жылы әлемдегі ең үздік 500 университеттің құрамына енген. Бұл жөнінде кездесу бары­сын­да мәлім еткен университет ректоры Ба­қыт­жан Жарылқасынұлы Мэлс Елеусізовтің қадамына сәттілік тіледі. Сұрақ-жауап түрінде өткен жиын кан­ди­даттың саяси тұғырнамасы мен әлемдік және экологиялық мәселелерге арналды. Сұрақ қоюшылардан алғашқы болып, университет ректоры Б.Әбдірайым сөз алды. Ол «Та­биғат» экологиялық одағының төрағасына біздегі ауыз су мәселесінің кезек күттір­мей­тін мәселе екендігін алға тартып, оның шешілу жолдарын, халыққа тиімді болатын жақ­тары жайлы айтып беруін сұрады. Оған жауап ретінде Мэлс Хамзаұлы ауыз су мәсе­лесінің алдын алу үшін ең алдымен кез келген азамат суды үнемдеп пайдалану керектігін айта келе, керемет мысал келтірді. Палестина мен Израиль елдерінде мынадай заң қол­даныста екен. Айталық, ауыз суды үнем­деу мақсатында бұл елдерде әрбір азамат күні­не көп дегеннің өзінде 20 литр су жұм­сайтын көрінеді. Сондай-ақ, осы сауал төңі­ре­гінде Мэлс Елеусізов: «Ауыз судың жұм­салуы артып, халық арасында қажеттілік тудыратын болса, ол мұнайдан да қымбат болмақ», – деп турасын айтты. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға М.Елеусізов әлемдік деңгейдегі температураның 0,5 градусқа жылынғанын, ол егер тағы 3 градусқа жылынатын болса, адамзат өміріне қауіп төндіретінін мәлім етті. Әлемдік деңгейдегі жылудың артып келе жатқандығын күнделікті өмірде адам баласы сезіне бермейтіндігі, соның кесірінен жер сіл­кіністерінің артып келе жатқандығы сияқ­ты көпшілік біле бермейтін көптеген мә­ліметтер ашық айтылды. Және де эколо­гияны таза ұстаудың ең қарапайым әрі тиімді әдісі ағаш отырғызу екендігі де осы кездесу барысында кеңінен сөз болды. Бұл күнгі кездесуде түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер саяси тақырыптарға қоса, экологиялық мәселе­лер мен оның шешілу жолдары жайлы ақпа­рат­тарға қанықты. Сонымен бірге, кездесуде Қазақстандағы Каспий және Арал теңіз­дері­нің проблемалары да қозғалды. Жиын со­ңын­да университет басшысы танымдық негіздегі дәріс пен саяси бағыттағы көптеген сауал­дарға жауап бергені үшін кандидат М.Елеусізовке студенттер атынан алғыс білдірді. Жұлдыз БАЙДІЛДА.