• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Әкімдік ғимараты балаларға беріледі

366 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамы қарсаңында қа­ланың жаңа әкімі Айбек Кә­рімов қа­лаға қарасты Абыралы өңірінде бо­лып қайтты. Өңір өмі­рімен танысқан әкім біраз мә­се­лені ауыл тұр­ғын­дарымен кездесу үстінде жедел шешіп тастады. Айталық, жиын үстінде Семейдегі «Семаз» трактор за­уы­ты­ның басшысы Әсемхан Досқо­жа­новқа телефон шалып, бюджет есебінен Қайнар ауылына «МТЗ-82» трак­торын бөлу жөнінде тапсырма берді. Тиегіші, бульдозері және экс­каваторы бар бұл трактор қа­зіргі сәтте ауылға ауадай қат дүние. Сондай-ақ, әкім бастамасы­мен Қайнарда мемлекеттік ком­му­нал­дық кәсіпорын құрылатын болды. Оған да қажетті техника мен құ­рал-жабдықтар бөлінбек. Мұның сыр­тында ауыл көше­лерін жа­рық­тандыру мәселесі де өз шешімін тауып жатты. Жиын барысында тұрғындар тарапынан басқа да өтініштер ай­тылды. Мәселен, интернаттың жоқ­­тығынан өңірдің шалғайда тұ­ратын еңбеккерлерінің бала­ла­ры, міне, ұзақ жылдан бері қи­налып келеді. Оның үстіне балалар бақ­шасының жоқтығы да ай­қын сезіле бастаған. Өйткені, өңірде соңғы жыл­дары бала туу жөнінен көр­сеткіш біршама жақ­сара түскен. Осының бәрі ескеріле келіп, ауыл әкімдігі басқа мекенге кө­шіп, қазірде өздері отырған екі қабатты ғимаратты интернат пен балалар бақшасына босатып беретін болды. Сол мақсатқа деп қала бюджетінен қаржы қарас­ты­рылмақ. Осы орайда  бұл ғи­ма­рат­тың кезінде интернат үйі бол­ғандығын айта кеткеніміз жөн. Жиын соңында әкім жиналған­дарды полигон аймағындағы елдің мұң-мұқтажы өзінің ұдайы на­за­рында болатындығына сендірді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.