• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Астанада «Қамқорлық» қайырымдылық шарасы өтуде

260 рет
көрсетілді

Астана қаласының білім басқармасы «Қамқорлық» қайырымдылық шарасын өткізеді. Шара әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қол ұшын созуға бағытталған, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Акция барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасыларға барып, мектепке бармайтын оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қатар білім беру ұйымдары сынып сағаттарын, түрлі жиындар, қайырымдылық шаралары мен жәрмеңкелер ұйымдастырады. 2016 жылы «Қамқорлық» шарасы барысында елордада жалпы сомасы 19 143 334 теңгеге 2 848 балаға көмек көрсетілді. 2970 мұғалім 70 785 үйді аралады.