• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Әлемдегі ең кәрі горилла өлді

590 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Огайо штаты Колумбус қаласындағы хайуанаттар бағында Коло есімді әлемдегі ең кәрі горилла өлді. Бұл туралы bbc.com хабарлады. «Жасы 60-тан асқан болатын. Желтоқсан айында ғана оның мерейтойын атап өткенбіз. Тып-тыныш қана ұйықтаған күйде кете барды. Оған ісік ауруына байланысты ота жасалған. Бірақ ауырып, мазасызданып жүргенін байқамадық. Жақында өліміне байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ал денесін кремациялап, өзі өмір сүрген хайуанаттар үйіне жерлейміз деп шештік», – дейді зообақ қызметкері. Бір айта кетерлігі, гориллалар орташа есеппен 40 жыл өмір сүреді.