19 қаңтар күні Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Ауа температурасы батыста күндіз 5-15 градус, түнде 10-22 градус аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15 градус, түнде 15-25 градус аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28 градус, күндіз 8-16 градус аяз; шығыста түнде 25-30 градус, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20 градус, күндіз 7-17 градус аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10 градус, кей жерлерде 15-20 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 1-6 градус аяз.
Ал Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде -20-22 градус, күндіз -10-12 градус болады.