• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2017

Үш ағайындыны өлтіріп сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады

330 рет
көрсетілді

Алматы облысында үш ағайындыны азаптап өлтірген қылмыскерлердің апелляциялық шағымы қаралады. Аталған процесс Алматы облыстық сотында өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында іс 25 қаңтарда қаралады. Сағат 10:00-ге белгіленді. Бұған дейін хабарлағанындай, Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарлыхан мен Әлімхан Қаділбектерді өлтірген күдіктілерге қатысты сот үкімі қарашаның 29-ы күні  шыққан. Сот бас күдікті Талғат Сүлейменовті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Ал қылмыскер Мұрат Оңалбаев  25 жылға сотталды. Сондай-ақ ауыр қылмысқа куәгер бола тұра ешкімге хабарламаған Бақыт Байқасымов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралды. Жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді.