• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

«Бата»

475 рет
көрсетілді

Қайбір күні түс қайта аср намазын оқи салайын деп қонақ күтетін үлкен бөлмеге  кірсем, келіншегім одеялмен бүр­кеніп ұйықтап жатыр екен. Оятып алмайын деп ақырын басып тура жанына жайнамаз жайып, намаз оқыдым. Күндізгі намазды дауыс шығармай оқисың ғой. Ояу жатса да, ұйықтап жатса да келіншегім былқ етпеді. Ойыма қулық келе қал­ды. Намазды аяқтап, бата қылып қойсам да соңында дауысымды шығарыңқырап былай деп күбірледім: – Иә, Алла, намазымды қа­был ете гөр! Отбасымды аман-есен, бай-бақуатты етіп, ша­ңырағымды шаттыққа бөле... Көзімнің қиығымен ди­ван жаққа қараймын. Еш­қандай қимыл жоқ. – Иә, Алла, келінше­гімнің тілегін қабыл ете гөр! Көптен бері армандап жүрген шубасы мен көйлегін алуға жәрдем ет!.. Алтындарының лом­бард­қа өтіп кетуінен сақ­тай гөр!.. Байқаймын, одеялдың асты жыбыр-жыбыр ете қал­ды. – Иә, Алла, келіншегім не тілесе де қабыл етіп, ала алмай жүрген киімдерін алуына, жарқырап киініп жүруіне жағдай жасай, гөр!.. Әумин! Сөйтсем, келіншегім одеял­­дың астынан басын шығарып: – Үйдің ремонтын айт­па­дың ғой, – дейді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»