• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Универсиадаға ұсынылған мәдени сын

355 рет
көрсетілді

Алматыда алауы жағылатын ХХVІІІ қысқы Универсиада құрметіне орай 20 қаңтардан бастап 10 ақпан аралығында қала театрлары, концерт залдары, мұражайлары мен кітапханаларында, сондай-ақ, спорттық нысандарында мәдени іс-шаралар өткізіледі. Ең үлкен мәдени бағдарламаны Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театры және М.Лермонтов атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма театры дайындамақ. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры, Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театры, Қ.Қожамияров атындағы ұйғыр мемлекеттік республикалық музы­калық комедия театры да үздік қойылымдарды сахналайды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мазмұнды мәдени бағдарлама қарастырылған, соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғ.Несіпбаевтың жетекшілік етуімен орган музыка кеші, үрмелі аспаптар оркестрінің концерті, халықаралық байқаулардың лау­реаттары Жанар Сүлейменова, Амира Бейсенғалиева және бас­қа да әртістердің концерттері ұйымдастырылады. «Алатау» театрының аума­ғында «Алатау алабында» этно-фес­тивалі өткізілмек. 29 қаң­тарда ашылып, Универсиада аяқталғанша жұмыс істейтін аталған этно-фестиваль кезінде қолөнершілердің көрмесі өткізіліп, павильондар, киіз үйлер, дәстүрлі инсталляциялар қойылады, ұлт­тық тағам түрлері таныстырылады. Қаланың кітапханалары мен мұражайларында спорт тақырыбына арналған көрмелер, виртуалдық слайд-саяхаттар, сондай-ақ, еліміздің спортшылары мен спорт саласының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ, Универсиада өткі­зілетін бүкіл кезеңде, яғни 29 қаң­тармен 8 ақпан аралығында Қазақ мемлекеттік цир­кінде 2017 жылғы ХХVІІІ Дүние­жүзілік қыс­қы Уни­вер­сиадаға арнал­ған арнайы цирк бағдарламасы, ал 10 ақпанда Республика сарайын­да Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Байте­рековтің шығармашылығына арнал­ған «Жан досым» концерті ұйым­дастырылады. «Егемен-ақпарат»