• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Үшбұлақтағы жаңа білім ошағы

488 рет
көрсетілді

Таяуда Күршім ауданының Үшбұлақ ауылында жаңа мектеп ашылды. 80 орындық жаңа мектептің биология, химия, физика пәндеріне арналған сыныптары мен зертханалары соны үлгідегі техникалық құ­ралдармен жабдықталған және интерактивті тақтамен, компью­тер сыныбымен қамтамасыз етіл­ген. Мектеп құрылысына 240 мил­лион теңгеге жуық қаражат жұм­салды. Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, тәуелсіздіктің ширек ғасыры ішінде Күршім-Марқа өңірінде 16 жаңа мектеп бой көтерді. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз білім-ғылым сала­сында бәсекеге қабілетті бол­масақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», деген сөзі бар. Яғни, Мемлекет басшысы атап өт­кендей, болашағымыздың жар­қын болуы келешекте ел тіз­гі­нін ұс­тайтын бүгінгі ұрпақ­тың ен­­шісінде. Сон­дық­тан, елі­міз­де жас буынның білім алуына бар­лық жағдай жасалып отыр, – деді ау­­дан басшысы. Үшбұлақ ауылының байырғы тұр­ғыны, тыл ардагері Мұхтархан Ақпышев кешегі заманнан бүгінгі күннің озғанын, тәуелсіздіктің ел бағына берілген ерекше қастерлі құндылық екенін жеткізді. Соның бір жарқын көрінісі – үшбұлақтық балаларға білім беретін заманауи мек­тептің пайдалануға берілуі, деді ауыл ақсақалы. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы