• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Астана мен Алматы

315 рет
көрсетілді

қалаларындағы ХҚО жүктемелерін көріп отыруға болады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған. «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ» АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторин­гі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуын­ша, аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. «Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚО-ға бару керектігін анықтай алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚО-ға ба­ру қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады», дейді. Сонымен қатар, Гүлжан Аса­­нова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚО-ларда жүктемені кө­руге бола­ты­нын, жақын ара­да Қазақ­стан­ның басқа да қалаларындағы  ХҚО-ларында келу­ші­лер са­нын бақылау мүм­кінді­гі қарасты­ры­ла­тынын атап өтті. Ақпа­рат әр сағат сайын жаңар­тылады екен. «Егемен-ақпарат»