• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

«Токамак» ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылады

408 рет
көрсетілді

Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық қазақ ғы­лымының озық дамуына өзіндік үлес қосып ке­леді. Аталмыш орталық ха­лықаралық беделді ұйым­дармен, әсіресе МАГАТЭ-мен тығыз байланыс орнат­қан. «Қазір орталық қауіпсіз ядролық реакторларды пайдалану жөнінде маңызды ғылыми жұмыс атқаруда. Тағы бір атқарылған шаруа, бұл – ядролық сұйық отынды өңдеу және ұзақ уақытқа сақтау», деді Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков арнайы өткен баспасөз мәслихатында. – Бүгінде Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы бүкіл әлемге танымал. Орталық құрылғаннан бастап, ғылыми-техникалық база сақталып қана қоймай, аясы да кеңейді. Заманауи үлгідегі зертхана жабдықталды. Атом энергетикасы саласынан шетелдік әріптестеріміздің қатарында Жапония, Франция, Бельгиямен бірге, ҰЯО-ның тәжірибе базасында ядролық реакторларды зерттеудеміз. «Токамак» ядролық реакторын ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету жобамызда бар, – дейді бас директор. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ