Будапештте үстел теннисі бойынша осы маусымдағы алғашқы әлемдік турнир өтуде, деп хабарлайды sports.kz. 21 жасқа дейінгі додада Қазақстан құрамасының өкілі Кирилл Герасименко финалда француз Аккуз Кананы 3:2 (17:15, 6:11, 6:11, 11:7, 15:13) есебімен жеңіп, чемпион атанды. Турнирдің жүлде қоры 70 мың долларды құрайды.