• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Антарктида мұзы қақ жарылды

517 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Антарктикалық басқармасы ұшқышсыз құрылғының көмегімен Антарктиданың мұз қабатының жарылғанын түсіріп алған, деп жазады ҚазАқпарат. Жарықтың ұзындығы 40 шақырымды құрайды, ал ол Halley VI ұлттық стансасының уақытша жабылуына алып келген. Құрлықтың қиыр оңтүстігінде пайда болған мұз қайраңындағы жарық британдық ғалымдардың стансасынан небәрі 17 шақырымдай қашықтықта, ал жарықтың одан әрі ұлғаю қаупі бар. Оның не себепті пайда болғанын ғалымдар зерттеу жүргізгеннен кейін айтады. Halley VI - Антарктидадағы Уэдделл теңізінің Бранта мұз қайраңында орналасқан британдық полярлық станса.