• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин турнирінің финалына шықты

405 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (18 жасқа дейін) Гранаткин мемориалы турнирінің финалына шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Жартылай финалда Грекия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан Айдос Орал қос бірдей доптың авторы атанды. Алдымен, 18-минутта пенальтиден есеп ашса, 49-минутта екінші голын салды. Ал гректерден шабуылшы Гиоргос Цоврас 58-минутта мергендігімен танылды. Бір айта кетерлігі жерлестерімізден жартылай қорғаушы Жанәлі Пайруз 42-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ал ақтық сында Ресей құрамасымен сынға түспек. Грекия өз кезегінде үшінші орын үшін Санкт-Петербургпен кездеседі. Қазақстан құрамасы бұған дейін турнирдің финалына шықпаған. 2012 жылы соңғы, 2014 жылы 16-орынды иеленсе, 2015 жылы 14 ұжымның ішінде 10-орынға тұрақтаған. Айта кетейік, Гранаткин турнирі ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан ұйымдастырылып келеді. Оған барлығы 16 команда қатысады.