• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Астанада паралимпиадалық спорт түрлеріне арналған семинар өтуде

274 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен "Спорттағы мүмкіндігі шектеулілер БАҚ көзімен: паралимпиадалық спорт түрлерінің дамуы" атты БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг басталды. Семинар мақсаты - паралимпиада спорт түрлерінің БАҚ басылымдарында кеңінен насихаттау. Семинар тренингте АҚШ олимпидалық комитетінің арнайы сарапшы Джона Роджистер басты спикер ретінде сөз сөйлейді. Сондай-ақ, паралимпиада ойындарының чемпионы Зулфия Габдуллина мен KazSport арнасының журналисі Аян Төлепберген, "Құқықтық медиа-орталығының" директоры Диана Окремова, Ұлттық паралимпиадалық комитетінің PR менеджері Гүлнар Джейлан журналистерге мүмкіндігі шектеулі жандармен дұрыс жұмыс жасауды үйретеді. Семинар тренинг екі күнге жоспарланған.