• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Қытайдан шыққан жүк пойызы Лондонға жетті

291 рет
көрсетілді

Қытайдан 1 қаңтар күні шыққан жүк пойызы Лондонға жетті, деп жазады BBC.

Жүк пойызы құрамы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия мен Франция арқылы барды. 12 шақырымдық жолды пойыз құрамы 18 күн жүріп өтті. Жүк пойызына негізінен киім-кешек пен Қытайда жасалған өзге де кеңінен пайдаланылатын тауарлар тиелген. Құрамда жалпы саны 34 контейнер болды. Осы бағыт бойынша енді жүк пойызы апта сайын жүрмек. Идея авторларының айтуынша, жүкті пойыз арқылы жеткізу мұхит арқылы тасымалдағаннан жылдам, ал ұшақ арқылы тасудан арзан шығады. Мұхит жолына қарағанда пойыз арқылы тасуға 30 күн кем уақыт жұмсалады. Ал ұшақ арқылы тасығаннан 5 есе арзан. Британия ҚХР-ның осындай сауда байланысын құрған 18-ші мемлекет болып отыр. Ал Лондон қытайлық пойыздардың тұрақты қатынайтын 15-ші еуропалық астана. Соңғы жылдары қолға алынған ауқымды "Жаңа жібек жолы" мемлекеттік жобасы аясында Еуропаға 1881 жүк пойызы құрамы жеткізілді. Құрам Қытайға қайтар жолда Германиядар ет өнімдерін, Франциядан вино мен Ресейден ағаш өнімдерін ала келеді.