Бішкек түбінде құлаған ұшақтың қара жәшігі бүгін таңертең Мәскеуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов мәлімдеді.
«Қара жәшіктер бүгін таңғы 7.30-да Мәскеуге жөнелтілді. Егер ондағы мәліметтер Мәскеуде оқылмаса, жәшіктер Францияға немесе АҚШ-қа жіберіледі», - деді министр.
Оның айтуынша, 18 қаңтар күні Мемлекетаралық авиациялық комитеттің комиссиясы апат орнына тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгін де комиссия өз жұмыстарын жалғастырады.
Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады.