Африка ұлттар кубогы турнирінде Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Пикети Камерун командасының бірнеше ойыншысын тұтас алдап өтіп, гол соқты.
Кездесу кеше Габонада өтті. Пикети 13-минутта алғашқы доптың авторы атанды. Алайда, оның бұл голы қанша жерден әдемі болғанмен, өз командасының жеңісіне себеп бола алмады. Камерундықтар екінші таймда екі мәрте дәл соққы жасап, 2:1 есебімен басым түсті.