Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Alibaba интернет алпауытының негізін қалаушы Джек Ма АҚШ-тың жаһандану үрдістерінде жіберген кей қателіктеріне тоқталды.
"Американың халықаралық компаниялары жаһанданудан миллиондаған доллар табыс тапты. Бірақ бұл кіріс ел ішінде әділ түрде таратылмағандықтан, қарапайым америкалық азаматтардың наразылығын тудырып отыр", - деді Джек Ма.
“Өзге елдер америкалықтардың жұмысын тартып алып жатқан жоқ, Америка бюджеттегі ақшаны теңдей бөле алмай отыр", - деді.
Осы орайда Джек Ма АҚШ-қа жаһандану үрдістерін қайта қарап шығу керектігін айтты.
“Мен жаһанданудың игілігіне сенемін, бірақ оны аздап түзету керек", - деп түйіндеді өз сөзін Джек Ма.