ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетін басқарды.
Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды. Республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.
Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Ведомство басшысы Үкімет атынан Әріпхановтың шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, жұмысына алғыс білдірді.