ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Женевада БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Қытай АҚШ-пен қатынастың "жаңа моделіне" өтетінін, ал Ресеймен "стратегиялық әріптестікті" құратынын айтты, деп жазады Reuters.
«Біз АҚШ-пен арадағы байланыстың жаңа моделін құрып, Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті қолға аламыз. Бұл әріптестік Еуропадағы түрлі өркениеттер арасындағы бейбітшілік, даму мен реформа үшін жасалады», — деді Қытай басшысы.
Сонымен қатар ол Қытайдың БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасы) елдері арасында біріңғай кооперацияға ұмтылатынын айтты.
«Біз қашанда адам құқығын бәрінен жоғары қоямыз», — деді Си Цзиньпин.