Халықаралық ВТБ қаржы тобына кіретін ВТБ-Қазақстан Банкі еншілес ұйымы Директорлар Кеңесінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне сәйкес банк басқармасының жаңа мүшесі етіп Банктің Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры ретінде Илья Константинович Яковлев тағайындалды.
Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетін бітірген Илья Яковлев Қазақстан мен Ресейдің қаржы секторында 15 жылдай тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар Қазақстандағы Сбербанк Еншілес ұйымына сіңірген еңбегін де ерекше атап өтуге болады.
Банк ВТБ (Қазақстан) Банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло Илья Яковлевке жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеп, кәсіби біліктілігін атап өтті.
Илья Константинович өзіне сенім артқаны және кәсіби машығын жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін Директорлар Кеңесіне алғыс білдірді.
Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».