• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Инфляцияның көптігінен Федералды қор базалық үстемақыны көтеруге мәжбүр

241 рет
көрсетілді

АҚШ Федералды қор жүйесінің базалық үстемені көтеруі орынды, өйткені АҚШ долларының инфляциясы 2 пайызға дейін өсуге бет алды, деді Федералды қордың басшысы Джаннет Йеллен. Бұл туралы investing басылымы жазады. "Доллардың базалық үстемесін көтермесек, инфляция шарықтап кетуі мүмкін немесе қаржылық тұрақсыздықтың болуы ықтимал. Тіпті екеуінің де болмайтынына кепілдік бере алмаймыз", - деді Йеллен. "Бұл тұрғыда біз базалық үстемені тезірек көтеріп, нәтижесінде экономиканы жаңа рецессияға алып барамыз", - деді. Федералды қор былтыр желтоқсан айында 2017-2019 жылдардағы қаржылық дағдарыстан кейін екінші рет қана базалық мөлшерлемені өсірген еді. Базалық үстеменің көтерілуі экономикаға оң әсер беретініне федералды қордың басшысы сенімді. Өз сөзінде Йеллен 2019 жылға дейін базалық үстемені бртіндеп көтере отырып, 2019 жылы қазіргі 0,50-0,75 пайыз аралдығындағы базалық үстемені 3 пайызға дейін жеткізетінін айтты. Үстеменің өсім қарқыны экономикалық көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырмақ.