• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

ҚР азаматы америкалық материалдарды сынақтан өткізу қоғамдастығы директорлар кеңесіне енді

367 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу және аккредитация департаментінің директоры Арман Шаққалиев Американың материалдарды сынақтан өткізу қоғамдастығының (ASTM International) директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және стандарттау комитетінің баспасөз қызметі. Шаққалиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін, сонымен қатар Қостанай инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған. 2008 жылы жасалған ASTM мен Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты арасындағы меморандумнан кейін ASTM International қоғамдастығына мүшелік етеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның департамент директоры қызметіне тағайындалар алдында сегіз жыл бойы Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтының бас директоры болып жұмыс істеді. Бұдан бұрын, Шаққалиев өзінің мансабында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қазақстанның метрология институтында қызмет істеп үлгерді. Стандартизация, сертификация, сапа менеджменті, техникалық реттеу салаларында маманданған. Айта кеткен жөн, ASTM International (American Society for Testing and Materials) - материалдар, өнімдер, жүйелер мен қызметтерге арнап стандарттар шығаратын АҚШ-тың ерікті халықаралық ұйымы. Ол 1989 жылы АҚШ-та құрылған және бастапқыда теміржол стандарттарын жасақтаумен айналысты. Бүгінде ASTM 12 000 стандартты қамтамасыз етіп отыр.