• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Бес банк білім алуға несие береді

427 рет
көрсетілді

2016 жылы елдің жоғарғы оқу орындарында 477,1 мың студент білім алса, соның 336,8 мыңы (70,6%) ақылы оқыған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,5% артық, деп жазады finprom.kz. Өткен жылдары ақылы оқитын студенттер саны жалпы студенттер санымен бірге азайған. Оған елдегі демографиялық жағдай себеп. Яғни, 19-24 жас аралығындағы жастардың саны алдыңғы жылдары аз болағын анық. Ақылы оқыған студенттердің тек 1 пайызы ғана компаниялар есебінен білім алған. Қалғандары өздері төлеген. Ақылы білім алатындардың басым көпшілігі (29%) білім беру саласында болса, 19,8%-ы әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес, ал 16,7%-ы техникалық мамандықтар, тағы 14,1%-ы заңгерлік. Ал грант бойынша білім алғандардың көпшілігі 37,7%-ы техникалық салалар, 20,5%-ы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, тағы 17,5%-ы білім беру саласына тиесілі. Грантқа түсе алмаған студенттер ҚР БҒМ-нің "Қаржы орталығы" АҚ кепілдігімен мемлекеттік білім беру несиесін кепілдендіру бағдарламасы бойынша несие рәсімдей алады. Оған оқудың барлық формасы бойынша несие рәсімделеді. Білім беру несиесін елдегі бес банк: Сбербанк, Нұрбанк, Халық банкі, Forte және Tengri банктері ұсынады. Дегенмен, қазір Халық банк бұл қызметті уақытша тоқтатса, ForteBank тиек Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-мен ғана жұмыс істейді. Сбербанктің несиесін жабуға берілетін максималды мерзімі 144 ай, қалған банктердікі 120 ай. Бұлардың үшеуі максималды қаржы көлемін атады. Tengri Bank 6 млн теңгеге дейін несие берсе, Нұрбанк 5 млн теңге, ал ForteBank 3 млн теңгеге дейін несие ұсынады. Сбербанк болса, оқудың 100 пайызын төлеуге келіседі. Ал Халық банк тек оқу ақысының 70 пайызын көтереді. Сбербанктің максималды тиімді үстемесі 19,5%, ал нарықтағы орташа үстемеақы от 24,4%.