• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Республикалық экологиялық альянс жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды

599 рет
көрсетілді

«Байтақ болашақ» Республикалық экологиялық альянсы жанынан ақылдасу органы ретінде Ақсақалдар кеңесі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеңеске Экоальянсқа қамқорлық бағыт сілтеп, ісіне береке тілейтін зиялы қауым өкілдері қамтылды. Атап айтқанда, кеңес құрамына Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Амангелді Айталы, Тоқтар Әубәкіров, Асқар Жұмаділдаев, Сейдахмет Құттықадам, Хасен Қожахмет, Баянғали Әлімжанов және тағы басқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері сайланды», - делінген хабарламада. Айта кетейік, «Байтақ болашақ» альянсының мақсаты қоршаған орта мен экологияны қорғау жолында барлық әлеует пен ресурсты жұмылдыру. Экологиялық альянстың президенті болып белгілі бизнесмен, меценат Азаматхан Әміртаев тағайындалған болатын. Қоғамдық бірлестік 2016 жылғы қазан айында құрылып,  өз жұмысын бастап кетті.