Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында келісімшартқа қол қойғандардың 10%-ы субсидияландырылады, деп хабарлады «Даму» қоры бөлімшесінің баспасөз қызметі. Субсидияландырылған жобалардың саны бойынша СҚО өңірлер рейтингінде 1-орында тұр. Облыс кәсіпкерлеріне 2016 жылы төленген субсидияның жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгені құрайды. СҚО қол қойылған кепілдіктердің сомасы бойынша - 0,9 млрд. теңге және 42 кепілдеме үшінші орында тұр.
2016 жылдың маусым айында СҚО әкімдігі мен «Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу үшін қаржы бөлу мақсатында 200 млн. теңге көлемінде меморандум жасасты. Осы құжаттың аясында облыстағы 11 кәсіпорын екінші деңгейлі банктерден жылдық өлшемі 8,5% болатын жеңілдетілген несиелер алды. Бұл құрылыс, бөлшек сауда, қонақ үй бизнесі мен басқа да салалардағы жобалар еді.
Кәсіпкерге қызмет көрсету орталығының консалтингтік қызметінің нәтижесі бойынша өткен жылы облыста 130-дан астам қайта құрылған жеке кәсіпкерлер тіркелген. Олардың 40-тан астамы 18-ден 29-жасқа дейінгі жастарды құрайды. «Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 15 бастапқы кәсіпкер демеушілік көмекке ие болды.