• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Үгіт-насихат жұмысы жандана түсті

624 рет
көрсетілді

Халықтың өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін сайлау өтетін күн де жақындап келеді. Президенттіктен үміткерлер жұртшылықпен кездесіп, өз тұғырнамаларымен таныстыруда. Со­лардың қатарында Қазақстан патриоттар партиясынан ұсынылған Қазақ­стан Республикасы президенттігіне кандидат Ғани Қасымовтың сенім білдірілген адамы, Жетісу өңірі бойынша штаб жетекшісі Серік Айтқожин 700 сайлау учаскесінде күнтүзбе, канди­дат­тың бағдарламасы, рұқсат берілген жерлерге үміткердің өмірбаяны ілініп, ша­қыру қағаздары таратылғанын жеткізді. Үміткер Ғ.Қасымов өзінің саяси тұғырнамасы бойынша саяси жүйені жаңарту, агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту мен халықтың әлеуметтік, рухани өмірлерінің дамуына байланысты тың ойларын ортаға салып, үгіт-насихат жұ­мыстарын белсенді жүргізгенін айтып өтті. Өңірдегі Талғар, Қапшағай, Есік, Жаркент қалаларында құрылған штабтар сайлаушылар арасындағы жұмыс­ты мейлінше ұйымшылдықпен өткізіп отыр. Жақын күндері Талғар қала­сын­дағы ірі құрылыс компаниясы жұмыс­шыларымен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ қаладағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қайырымдылық көмек көрсету де алға қойылыпты. Қазақстан Патриоттар партиясынан ұсынылған үміткер Ғ.Қасымов сайлау­ал­ды үгіт-насихат жұмысын осылайша тиімді жалғастырып келеді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.