• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

Былтыр Ақмола облысында 364,8 мың ш. м. тұрғын үй салынды

259 рет
көрсетілді

2016 жылдың қорытындысы бойынша, Ақмола облысы экономикасының барлық саласында жағымды динамикалық өсiм байқалды. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ИИДМ бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде  (2010-2016 жылдары) 7,1 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, құны 180,6 млрд. теңгенің 78 жобасы iске қосылды. Ауылшаруашылық өнімнің жалпы көлемi 347,0 млрд. теңгені,  нақты көлемнiң индексi 2015 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 108,7 пайызды құрады. Дәндi және дәндi бұршақ дақылдарының жалпы түсiмi 5723,2 мың тоннаны, ал майлы дақылдардан жалпы жиналым 184,0 мың тоннаны құрады. Облыс бойынша орташа өнімділік гектарына 8,7 центнерден айналды. "Нұрлы жол", "Өңірлерді дамыту - 2020" мембағдарламалары шеңберiнде 19 жобаны жүзеге асыру үшін 3,7 млрд. теңге бөлiнді. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 364,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 129,3 пайызды құрады. «Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Ақмола облысы экономикасының барлық саласында жағымды динамикалық өсiм байқалды", - дедi Б. Малғаждаров.