• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Универсиадада әлем елдерінен 3 мың ерікті жұмыс істейді

319 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың еріктілерімен кездесті. Студенттік ойындар кезінде үш мың жас Атлеттер ауылында, спорт нысандарында, түрлі функционалды учаскелерде орналастыру, аккредитациялау, көлік, логистика және басқада қызмет түрлерін атқаруға көмектеседі, деп жазады strategy2050.kz. Қала әкімдігі хабарлағандай, еріктілермен жұмыс істеу жөніндегі департамент басшысы Абылай Қондыбаев өзінің сөзінде жастарды іріктеу кезінде 15 мыңнан астам өтініш түскенін, олардың ішінен Алматының 15 жоғары оқу орындарынан 2800 еріктінің таңдалғандығын, еліміздің өзге өңірлерінен 100 жастың, жақын және алыс шетелден 100 еркітінің қабылданғанын айтты. Ресейдің, АҚШ-тың, Германияның, Польшаның, Корея мен Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа да елдердің еріктілері үлкен қызығушылық білдірген. Еріктілерді іріктеу барысында ірі спорттық шаралар өткізуде ерікті ретінде мол тәжірибе жинақтаған әрі ағылшын мен өзге тілдерді еркін меңгерген жастарға басымдылық берілді. Универсиада барысында еріктілер 32 функционалды бағыт бойынша жұмыс істейді. Арнайы топ қонақтарды күтіп алады, оларды Атлеттер ауылына орналастырады, қаланы аралатады, сонымен қатар төрешілер мен техникалық қызметкерлер үшін арнайы аумақтар дайындайды. Еркітілердің барлығы өзінің жұмыс бағыттарына қатысты коммуникацияны дамыту, тіл үйренуді жақсарту сияқты арнайы тренингтерден өтті.