• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Қазақстандықтар Ұлыбританияда 52 млрд теңгенің мүлкін заңдастырды

292 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар 2 жылда 32 елден жалпы құны 62,2 млрд. теңге болатын мүлікті заңдастырды, деп жазады LS мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Мекеменің мәліметтері бойынша, 408 нысанның 96 пайызы тұрғын-үйлер (пәтер, жеке үй ж.т.б). Тұрғын үй нысандарының орташа құны – 158,6 млн. теңге, ал коммерциялық нысандардың орташа құны – 35,4 млн. теңге. Мекеменің түсіндіруінше, шетелдік мүлікті алушылардың көбі алматылықтар. Олар әрбір нысанға орта есеппен 334,2 млн. теңгеден жұмсаған. Бұл көрсеткіш жағынан екінші орында 72,7 млн. теңгемен астаналықтар, үшінші орында 66,4 млн. теңгемен Ақтөбе облысының тұрғындары тұр. Шетелдегі қозғалмайтын мүлікке қаржы жұмсау жағынан ең төменгі көрсеткіш Ақмола (2,5 млн. теңге) мен Қостанай (2,5 млн. теңге) және Павлодар (1,6 млн. теңге) облыстарына тиесілі болып отыр. Ең қымбат сатып алулар Ұлыбританияда жасалған. Онда 22 нысанға 52,4 млрд. теңге жұмсалған. Оның 52 млрд. теңгесін 18 мүлік нысанын құрайды. Екінші орында Біріккен Араб Әмірлігі  (БАӘ). Онда заңдастырылған 119 тұрғын-үйдің бағасы 5,7 млрд. теңге көлемінде болып отыр. Бұл еуропалық мемлекеттерден 10 есе аз. Тіркелген мүліктер саны бойынша Ресей көш бастауда. Онда 568 млн. теңгенің 142 нысаны бар. Ал БАӘ мен Түркияда 808 млн. теңгенің 36 нысаны орналасқан. Тап сол кезде Қазақстанның өзінде 1,3 трлн. теңгенің 150.8 мың нысаны заңдастырылған. Оның 69 %-ның орташа құны 9,9 млн. теңгені құрайтын тұрғын-үйлер. Ал коммерциялық нысандардың құны 18,8 млн. теңгені құрап отыр.