Алматының «Қайрат» футбол клубы жақын арада екінші оқу-жаттығу жиынын бастайды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Бүгін таңертеңгісін команда ойыншылары, жаттықтырушылар алқасы, әкімшілік қызметкерлері Түркияға аттанып кетті. Оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында төрт жолдастық кездесу жоспарланып отыр. Қарсыластары жайлы әзірге белгісіз.
Алғашқы жиын дәл осы елде 5-19 қаңтар аралығында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, елімізде футбол маусымы ҚР Суперкубогының ойынымен басталады. Алматының «Орталық» стадионында «Қайрат» пен «Астана» кезекті рет күш сынасады.