• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Қазақстанда әрекетсіз ҮЕҰ-лар жабылады

276 рет
көрсетілді

Қазақстанда әрекетсіз үкіметтік емес ұйымдарды жабу бойынша ірі жұмыс бастау алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ҮЕҰ жүйесіндегі кемшіліктердің бірі – тіркелген ұйымдардың шамамен жартысының іс жүзінде әрекетсіз екенінде. Бұл есепке алуда жаңылысуға, күмәнді ақпараттың шығуына және азаматтар мен ҮЕҰ-дың дұрыс бағыттан адасуына әкеліп соғады. «Сол себепті, біздің алдымызда осы жүйені ретке келтіру міндеті тұр. Ол үшін ҮЕҰ-ды құруға атсалысқан азаматтар оларды жабу туралы шешім қабылдауы керек немесе жұмыс істеп бастауы қажет. Қазір біз азаматтар мен ҮЕҰ-ға түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізудеміз, дегенмен, өзінің әрі қарайғы қызметінен мән-мағына көрмейтін ҮЕҰ үшін біз қаржы және әділет министрліктерімен олардың қандай да бір жауапкершіліксіз жабылуы үшін жұмыстар атқарудамыз», - деді Н. Ермекбаев. Сондай-ақ, министр ҮЕҰ-дың деректер базасы да үлкен өзгерістерге ұшырайтыны туралы айтып өтті. «Біз қазір оны электронды форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді талап ететін көлемді жұмыс», - деді Н. Ермекбаев.