• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Сағынтаев: Көмір xимиясын дамытуды қолға алған дұрыс

338 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ресей Федерациясының қазақстандық көмірді сатып алу көлемін азайтатындығын, дегенмен, Екібастұз көмірін көрші Қытай еліне сатуға болатындығын жеткізді. "Әрине, бізге осы салада болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыру қажет. Мәселен, көрші Ресей 2030 жылға дейін көмір өндірісін 400 млн. тоннадан 500 млн.-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Оған қоса, Екібастұз көмірін өз көмірімен алмастырамыз деп жатыр. Осының бәрі қазақстандық шикізаттың экспортын қысқартуы әбден мүмкін. Сондықтан бізге жаңа нарықтарды іздеу керек. Көліктік-логистика жағын да алдын ала ойластырып қойған жөн. Осы орайда, Қытайдың көмір импортын 200 млн. тоннаға дейін арттырып отырғанын атап өту керек. Осыны зерделеп, шекара жақын аймақтардан көмір жеткізу мәселесін қарастыруға болады", - деді Мамин. Дегенмен, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев алдымен экологиялық мәселелерді ескеру керектігін жеткізді. "Екібастұзды бәріміз жақсы білеміз. Ол жақта болғандар экологиясын да көрген. Осы орайда нақты бір шараларды, соның ішінде көмір xимиясын дамытуды қолға алған дұрыс. Көмір пласттарынан метанды алу аса маңызды. Сол үшін бүгін мамандарды шақырып отырмыз. Оладың пікірін тыңдайық, тәжірибесін зерделейік деп, арнайы шақырдық. Себебі сіз, Асқар Ұзақбайұлы, жана Қытайдың көмір импортын ұлғайтқаны жайында айтып отырсыз ғой. Менің білуімше, Қытай үкіметі 2020 жылға дейін көмір өндірісін 500 млн. тоннаға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Олар экологияға байланысты осындай шараларды қолға алды. Сондықтан осыны әлі де зерделеу керек", - деп атап көрсетті Сағынтаев. Премьер-Министр мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша өзінің бірінші орынбасары А. Маминге аталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, бұл жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Б. Сағынтаев көмір өндірілетін орындарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару қажеттігін атап өтті.