Франция мен Люксембург гастроэнтерологтары көптеген тіс пасталары мен сағыздардың құрамында болатын E171 (диоксид титан) бояуының денсаулыққа аса қатерлі екенін анықтады. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланды, деп хабарлайды The Independent.
Диоксид титан, ғалымдардың пікірінше, қатерлі ісік ауруын туындататын канцереген болуы мүмкін. Мұндай тұжырымға олар көртышқандарға жасаған зерттеуінен кейін келіп отыр. 100 күн бойы қатарынан E171 қоспасы берілгеннен кеін, олардың 40 пайызында қатерлі ісік ауруларының алғышарттары қалыптасқан.
E171 қоспасы титан өнеркәсібінің басты өнімі саналады. Тағам өнеркәсібінде ол негізінен ақ түс беру үшін пайдаланылады. Әсіресе, тәттілер мен сағыздарға, тіс пастасы мен күн сәулесінен қорғайтын кремдерге көп қосылады екен.