• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Футболда ең көп гол соғатын қорғаушылар кімдер?

358 рет
көрсетілді

Футболда шабуылға жиі араласатын қорғаушылардың командаға тигізер үлесі зор. Зинедин Зидан тұсындағы «Реал» қорғанысы осыны ұстанатын болуы керек, дәл осы позициядағы әріптестерінен 18 голмен көш ілгері келеді. Нақтырақ айтар болсақ, корольдік клубтың капитаны Серхио Рамос 8 голмен топ бастап тұрса, әріптесі Рафаэль Варан 4 доп соғып үлгерген. Ал сол қапталға жауапты Марсело екі голмен тұр. Сондай-ақ, Даниэль Карвахаль, Данило, Пепе, Начо Фернандес қарсыластарын бір реттен қапы қалдырған. Мадрид ұжымының бұл көрсеткішіне әзірге ешкім ілесе алмай келеді. Испания біріншілігінің 19-турында «Малагаға» қарсы ойында Рамос екі мәрте мергендігімен танылмаса, командасы үшінші ойын қатарынан жеңіліс табар еді. Осы көрсеткіш бойынша екінші орында 12 голмен Италияның «Ювентус» командасы, ал үздік үштікті Францияның «Пари-Сен-Жермені» түйіндеп тұр.