• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Абылай алаңын жарықсыз қалдырды...

533 рет
көрсетілді

Ақшаның буы құндылықтар бағамынан асып түсіп жататынына күйінесің. Мұның сан-алуан мысалын көріп те жүрміз. Етіміз үйреніп кеткендей. «Апыр-ай» дейміз де қоямыз. Қоғамдық ықпал, пікірдің орнын құқық қорғау органдары қашанғы толтырар екен. Соған қарамастан, жас талғамайтын қылмыс жасқанар емес. Күрес аяусыз жүріп жатыр. Бір жақты. Сондықтан, бұл шын мәніндегі жеңіс емес. Қоғамның үні құлаққа жете бермейтінінен қылмыстың сипаты да түрленіп барады. Енді халық тарихы тұнып тұрған Бурабайдағы Абылай хан алаңына ауыз салушылар табылып отыр. Бұл алаңның рухани өміріміздегі маңызын, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айтып жатудың өзі артық. Бұл – ел Тәуелсіздігін әспеттеудегі ерен ескерткіштің бірі және бірегейі. Көркем өңір­дің төріндегі алаң­­ның құн­ды­лықтарын ашып көрсетудің танымдық ғажайыптары көңіл өсіруде. Өзімізді былай қойып, әлемнің бар қиырынан келіп жататын қонақтар мен туристерге жасалып жатқан қолайлылық мақтаныш се­зіміне бөлейді. Мұнда­ғы әжім тастар мен мәңгі жас қара­ғайлардан таусылмас сыр төгіледі. Мұнда қиянатқа жол жоқ. Қиянат жасалды. Өткен жұма­ның соңы. Алаңды самаладай жарыққа бөлеп тұрған баға­на­лар­дағы диодты шамдар ұрланған. Шы­ғын­ның құны 900 000 теңгеге баға­лануда. Қылмыскер айхай дейтін 25 жас­та. Жалғыз болмауы да мүм­кін. Оларды ауыр жаза күтіп тұр. Мә­селе, мұнда да емес. Абылай хан ала­­ңының шамы ешқашан сөнбейді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы, Бурабай ауданы