• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Волонтерлар флешмоб өткізді

370 рет
көрсетілді

Алматылықтар айтулы спорт дүбірінің жақындап келе жатқанын анық сезінуде. Дүйсенбі күні мегаполистегі «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының алаңын­да студенттік жарыстар­дың волонтерлері әсерлі флешмоб өткізді. Жүздеген жас латынның «U» әрпі түрінде сапқа тұрып, алда келе жатқан жарыстар­дың ұрандарын мәнерлеп оқып шықты. Жұрттың назарын айту­лы оқиғаға бұруды көздеген қызық­ты шараға волонтерлер­дің ең белсенді бөлігі тар­тыл­ды. Олар­дың басым бөлігі Қазақ­станның жоғары оқу орын­дарынан, алай­да арасында алыс және таяу шетел­ден келген азаматтар да бар. «Біздің волонтерлар – бірін­­ші кезекте Универ­сиа­даның көңіл ауанын жасайтын жігерлі жас­тар. Ендеше, қыз-жігіттеріміз­дің қонақ­тарды қарсы алуға да­йын екенін көрсеткіміз келді. Флешмобтар көмегімен біз­дер үлкен доданы атқарып салу­ға кіріскен мемлекетіміздің ме­рейін асыра түскіміз келе­ді. Сондай-ақ, мұндай іс-шара­лар жас­тарды біріктіріп, коман­да­лық рухты көтереді», – деді «2017 жылғы Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Уни­­вер­­сиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирек­ция» МҚ еріктілермен жұмыс жүр­­гізу департаментінің бас­шы­сы Абылай Қондыбаев.