• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Сәлемдеме супермаркеті

511 рет
көрсетілді

бұған қоса орталық операция учаскесі де жаңартылды Өңірде алғашқы сә­лем­де­мелер су­пер­маркеті мен жа­ңартылған орталық опе­рация учаскесі бой кө­терді. Оның ашылуы­на «Қазпошта» АҚ бас­қар­ма төрағасы Бағдат Мусин мен аймақ басшы­сы Ерік Сұлтанов қа­ты­сып, құрылымдық бө­лім­шелерге автокөлік кілт­те­рін табыс етті. Сәлемдемелер супермаркеті өздігінен қызмет көрсететін жа­ңа форматтағы интуитивті сер­­вис болып табылады. Кли­ент­­­тің кезекте тұрмай-ақ қо­лай­­лы уақытта сәлемдемені алу секілді артықшылықтар қа­­рас­тырылған. Ол үшін опе­ра­­торға трек-нөмірін немесе СМС хабарламасына түскен ұялы телефонның нөмірін ұсы­­н­­са жеткілікті. Сондай-ақ, сә­­лемдемені өздігінен кез келген мекенжайға жі­беру мүм­кін­­діктері де ой­лас­ты­ры­лған. Салтанатты рәсімде сөй­леген сөзінде Ерік Хамза­ұлы өңірде филиал жеті жүз­ге жуық елді мекенді қам­ти­ты­нын, соңғы жылдары байланыс саласының материалдық-тех­никалық базасы нығайып, ха­лыққа қызмет көрсету са­пасының жақсара түскенін жет­кізді. Б.Мусиннің айтуынша, бү­гін­ге дейін жүзге жуық жер­гі­лік­ті пошта бөлімшелері жаң­ғыр­тылса, жыл аяғына дейін та­ғы 400-дей супермаркет ашы­латын болады. Жаңартылған орталық операция учаскесінде пошталық, қаржылық қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалар, өзіне-өзі қызмет ету, ақша аударымдары залдары орналасқан. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы