• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Кадр мәселесі партия назарында

376 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия хатшысы Қаныбек Жұмашевтің қатысуымен, ай­мақтық партия кадрлық резервін қалыптастыру жұмы­сының қорытындысы бойынша брифинг болып өтті. Бұған дейін 3,5 ай бойы, яғни 2016 жылдың қыр­күйегі мен желтоқсан айы аралығында резерв қалып­тастыру бойынша бірнеше кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілген болатын. Атап айтқанда, халыққа кең ау­қымда түсіндіру, белгілен­ген талаптарға сай азаматтар­дан құжаттар жинау, оларды бастауыш партия ұйым­дарының жиналыстарында ұсыну, тест сынағынан өткізу және әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Барлық іс ашық жағдайда ұйымдастырылды. Үміткерлер 2, яғни аймақтық және аудандық резервтер бойынша қабылданды. Аудандық резервке үміткерлерге кем дегенде бір жыл партия мүшесі, жұ­мыс өтілі 2 жылдан кем емес, жоғары білімді және пар­тия саласында қызмет тәжіри­бесінің болуы сияқты талаптар қойылды. Ал бұрын-соңды қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылмау, жемқорлыққа жол беретін іс-әрекеттерге бармау және партиялық жазалауының болмауы барлық деңгей үшін міндетті талап болды. Кадрлық резервке тұр­ғысы келген 6658 адам құ­жат­­­тарын тапсырды. Тес­ті­­леу сынағынан кейін олар­­дың 62 пайызы немесе 4148-і қалды. Аталған сы­нақ Конституция, партия Жарғысы, партия Док­тринасы, Сайлауалды бағдар­лама, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партия бағ­дарламасы бойынша білі­мін тексеретін 60 сұрақ­тан тұрды. Тиісті аймақ­тық комиссия­лар өткізген әңгі­мелесу кезеңінен кейін 3052 үміткер іріктеп алынды. Бұл – тестілеу сынағынан өткен­дердің 73, ал құжат тапсыр­ғандардың 46 пайызын құрайды. Іріктеудің үшса­тылы кезеңінен сүрінбей өткен үміткерлер партия Сая­си кеңесі аймақтық бю­ро­сының қаулысы бойынша бекітілді. – Бүгінде аймақтық пар­тия кадрлық резерві жасақ­талды. Соған сәйкес әр ауданда – 12, қалаларда – 15, облыс орталықтарында 25 үміткерден бар. Ал еліміз бойынша қатаң іріктеуден өткен 3052 үміткер бекітілді, – деді Қаныбек Жұмашев. – Ор­талық аппаратта резерв­ке алынғандарды қызметке ұсыну ісі бойынша ұдайы мони­торинг жүргізіліп тұрады. Аталған база дина­ми­калық түрде болады. Қа­зіргі таңда біз аймақтық пар­­тия кадрлық резервін да­мы­ту бойынша бірқатар тап­сыр­­маларды айқындап алдық. Жақын арада резервке өкілдік және партиялық органдарға ұсынуға дайын, қажетті талаптардың мей­лін­ше жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ, Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенті, пар­тия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруға мүдделі мамандар алынады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»